Қазақстанда 6–8 қазанда ауа райы қандай болады?

Қазақстанда 6–8 қазанда ауа райы қандай болады?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

6–8 қазан күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады ult.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, аталған кезеңде елімізге атмосфералық фронттар әсер етеді. Соған байланысты көптеген өңірде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс облыстарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын және екпінді жел болжанып отыр.

Батыс өңірлерде түнгі ауа температурасы +2+12°С, күндіз +17+22°С-қа дейін көтеріледі.

Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі температура -1-6°С-тан +3+13°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан +5+20°С-қа дейін өзгереді.

Шығыс және орталық облыстарда түнде ауа температурасы негізінен 0,+7°С, күндіз +2+15°С аралығында болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі ауа температурасы +2+8°С-тан +5+10°С-қа дейін жоғарылайды. Таулы аудандарда түнде 1-3°С аяз болып, кейін 0,+5°С-қа дейін жылынады.

Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +12+17°С-тан +17+22°С-қа дейін көтеріледі. Ал таулы аудандарда күндіз +4+9°С-тан +9+14°С-қа дейін жылы болады.

«Қазгидромет» ауа райының құбылуына байланысты тұрғындарға жолдағы жағдайға мұқият болуды ескертеді.