6 қыркүйек VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы жарыс күні. Доданың қорытынды күнінде жанкүйерлер асыға күткен тартысты бәсекелердің бірі көкпардан өтетін финал, деп хабарлайды ult.kz.
Бас жүлде үшін Қазақстан және Қырғызстан құрамалары алаңға шығады. Екі елдің ұлттық құрамалары арасындағы бұл кездесу көкпар додасының басты бәсекесі болмақ.
Ойындардың соңғы күні Қазақстан құрамасы үшін көкпар ғана емес, көкбөрі финалы да маңызды болмақ. Qazsport телеарнасы спорттық сайыстарлы тікелей эфирден көрсететін болады. Көкбөріден финалдық кездесу 6 қыркүйек күні сағат 09:00-де, ал көкпар финалы 11:00-де басталады.
Осылайша, ұлттық ат спортының қос тартысы ойыны көкбөрі мен көкпар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы күніндегі негізгі сайыстарын қорытындылайды.