Qarmet металлургиялық комбинатында сайлау учаскелері жұмысын бастады

Qarmet металлургиялық комбинатында сайлау учаскелері жұмысын бастады
Qarmet

Бүгін, 23 тамызда сағат 06:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын дәстүрлі түрде орындағаннан кейін Qarmet металлургиялық комбинатының аумағында екі сайлау учаскесі ашылды.

Комбинаттағы өндіріс бір минутқа да тоқтаған жоқ. Бүгін ауысымда бір мезетте шамамен 4 700 металлург – болат балқытушылар, прокатшылар, энергетиктер, жөндеушілер және басқа да өндірістік бөлімшелердің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

«Дауыс беруге қатысу – біздің азаматтық борышымыз әрі еліміздің болашағы алдындағы жауапкершілігіміз. Біз өз жұмысымызға жауапкершілікпен қарауға үйренгенбіз. Қазақстанның одан әрі дамуына әсер ететін таңдауға да дәл сондай жауапкершілікпен қарауды маңызды деп санаймыз», – дейді металлургтер.

Дауыс беруге Qarmet шахтерлері де белсенді қатысып жатыр. Олар кеншілер өңіріндегі қалаларда орналасқан сайлау учаскелерінде өз дауыстарын беруде.

Үздіксіз өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер өздерінің сайлау құқығын кәсіпорын аумағынан шықпай-ақ жүзеге асыруы үшін Qarmet басшылығы екі сайлау учаскесінің жұмыс істеуіне барлық қажетті жағдайды жасады.

Дауыс беру кәсіпорынның ауысымдық жұмыс кестесі ескеріле отырып, күні бойы жалғасады.

Qarmet үшін бұл, ең алдымен, 23 тамызда жұмыс орнында болып, еліміздегі ең ірі металлургиялық кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп отырған мыңдаған адамның дауыс беруге қол жеткізуіне мүмкіндік жасау.