Қарағандыда велосипед ұрлаған жұп ұсталды: бес күнде үш адам зардап шеккен

Қарағандыда велосипед ұрлаған жұп ұсталды: бес күнде үш адам зардап шеккен
Видеодан скриншот

Қарағандыда велосипед ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйел ұсталды. Полицияның болжамыншаұ, олар бірге велосипед мініп жүру арқылы айналасындағылардың күдігін сейілтуді көздеген, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, бес күн ішінде үш қала тұрғыны велосипед ұрлығының құрбаны болған. Жалпы шығын 300 мың теңгеден асқан.

Арыздардан кейін жедел уәкілдер күдіктілерді анықтап, ұстады. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция ұсталғандардың қаладағы басқа да осыған ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Құқық қорғау органдары тұрғындарға велосипедтерді, самокаттар мен балалар арбаларын қараусыз қалдырмауға және ұрлыққа қарсы сенімді құлыптарды пайдалануға кеңес берді.