Қарағандыда 4 млн теңгенің металын ұрлаған жұмысшы компанияны шығынға батырды

Қарағандыда 4 млн теңгенің металын ұрлаған жұмысшы компанияны шығынға батырды
Ашық дереккөз

Қарағандыда компания аумағынан 4 млн теңгеге жуық металл бұйымдарын ұрлады деген күдікпен 48 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, ер адам компаниялардың бірінде ауызша келісім бойынша қосалқы жұмысшы болып еңбек еткен. Жұмыс барысында қоймада сақталған металл ыдыстарды, профильді құбырлар мен металл табақтарды байқап, оларды ұрлап, сатуды ұйғарған.

Күдікті компания аумағын қоршаудан бірнеше рет асып өтіп, металл бұйымдарды сыртқа алып шыққан. Салдарынан ұйымға шамамен 4 млн теңге көлемінде шығын келген.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция ұрланған металды қабылдаған пунктті және бұйымдарды тасымалдаған жүк көлігінің жүргізушісін анықтады. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті жүргізушіні металдың өзіне тиесілі екеніне сендірген.

Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс материалдары сотқа жолдауға дайындалып жатыр.