Жолаушының орынсыз қалжыңы Алматы – Ақтау бағытындағы FlyArystan рейсінде қосымша тексеру жүргізіліп, ұшақтың кешігуіне себеп болды. Жолаушылардың бірінің айтуынша, қол жүгін орналастыру кезінде егде жастағы ер адам көмектесіп, ауыр сөмкені көрген соң оның ішінде бомба болуы мүмкін деп әзілдеген, деп хабарлайды ult.kz.
3 қыркүйекте Алматы халықаралық әуежайында Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері авиациялық қауіпсіздік мамандарымен бірлесіп, жолаушыны тексерді.
Тексеру барысында тыйым салынған заттар мен жарылғыш заттар анықталған жоқ. Әуежайда эвакуация жүргізілген жоқ, әуе айлағы штаттық режимде жұмысын жалғастырды.
Жолаушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материал соттың қарауына жіберіледі.
Көліктегі полиция департаменті азаматтарды ұшақ бортында жарылғыш заттар туралы әзілдемеуге шақырды. Өйткені мұндай сөздер қауіпсіздік шараларының күшеюіне және заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.
Естеріңізде болар, әуежайда «бомба бар» деп әзілдеген «Қайрат» клубының дәрігері қамауға алынған болатын.