Павлодарда төрт жасар қыз бала екінші қабаттағы ашық терезеден құлап, ауруханаға жеткізілді. Оқиға 18 тамызда болған, деп хабарлайды ult.kz.
Irbistv.kz хабарлауынша, бүлдіршін Облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер тексеру жүргізді. Қажетті диагностикалық зерттеулерден кейін оның жағдайы тұрақты екені анықталған.
Аурухана мамандарының айтуынша, бала ауыр жарақат алмаған. Оны ауруханаға жатқызуға медициналық көрсетілім болмағандықтан, бүлдіршін амбулаториялық бақылауға жіберілді.
Оқиға ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау және терезелердің қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажеттігін тағы бір еске салды.