«Өздеріңізді ұсынбай тұрып, жаттап алу керек еді»: Айшолпан Тілеутай депутаттарға шүйлікті

«Өздеріңізді ұсынбай тұрып, жаттап алу керек еді»: Айшолпан Тілеутай депутаттарға шүйлікті
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Тілеутай Айшолпан есімді қыздың депутаттық антқа қатысты түсірген әзіл видеосы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды ult.kz.

Кадрда Айшолпан депутаттық ант мәтінін анық әрі нық дауыспен айтып шығады. Ал соңында ол әзілдеп:

«Осы сөзді өздеріңізді депутаттыққа ұсынбай тұрып жаттап алуларыңыз керек еді», – дейді.

Қыздың ант мәтінін сенімді түрде, еш мүдірместен айтып шыққаны желі қолданушыларына ұнап, видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап жатыр.

Жазба астында пікір білдіргендер «Осылай айту керек», «Осы қыз депутат болуы керек еді» деп жазған.