Өскеменде дәмханада болған жанжал кезінде полиция қызметкері қаза тапты. Тағы бір адам зардап шекті, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға 4 қазанға қараған түні болған. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, дәмханаға келген ер адам тәртіпке шақырған 40 жастағы жергілікті тұрғынға дене жарақатын салған. Ол алған жарақатынан көз жұмды.
Кейін қаза тапқан азаматтың полиция қызметкері болғаны анықталды. Полиция оның оқиға кезінде қызметте болмағанын хабарлады.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.