Нұрсұлтан Жақсыгенненің экс-жары мәлімдеме жасады

Нұрсұлтан Жақсыгенненің экс-жары мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желі

Нұрсұлтан Жақсыгенненің экс-жары Фариза Алмазқызы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ult.kz.

Ол бұрынғы күйеуіне кешірім бер деп жазатын оқырмандарына жағдайды түсіндірді. 

«Қасымдағы достарыма, таныстарыма или менің жеке өзіме айтқанда мен онсызда кешіріп үндемей келгем. Талай ескерттім де… Бірақ бүкіл халықтың алдында маған өте ауыр жала жауып, мені қаралап, әке шешемді қорлағанын мен кешіре алмайды екенмін.

Сіздерге айтуға оңай әрине. Біреуге ақыл айту өте оңай. Бірақ осы уақытқа дейін менің қиналғаным ше? Әке шешемнің қызы боди массаж жасайды дегенді есту ше? Дәл қазір осыларды жазып отырып көз жасымды ұстай алар емеспін. Сөз сүйектен өтеді. Дәл қазір кешірсем, ары қарай бұлай жасамауына кім кепіл? Мүмкін қазіргі өліп кетіп жатқан қазақ қыздарының тағдырын қайталамасыма кім кепіл?

Кешіре сал деп айтып жатқан ер адамдар, сіздердің қыздарыңыз жоқ па? Қыздарыңызға жала жапса осылай ақыл айтасыздарма?», - деп жазды ол.