Журналист Руслан Өтепбай актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің сот процесінен видео жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Кадрлардан судьяның актерден жауап алып жатқанын көруге болады. Сот барысында судья Жақсыгеннің әлеуметтік желідегі жалған парақшаларға қатысты әрекетіне байланысты нақты сұрақ қойды.
«Егер Жақсыгенді таңдайтын болсақ, ол өзін жәбірленушімін деп көрсетіп тұр. “Менің құқықтарым бұзылды” деп отыр. Ал сол өзінің құқығын қорғау үшін өз атынан ашылған жалған парақшаларға хабарласып, жауап алған ба? Иә немесе жоқ. Бір жауап. Жоқ болса, себебі неге олай?» – деді судья.
Сонымен қатар сот отырысында актер бұған дейін жазғандарының барлығын жоққа шығарғаны айтылды.