Назарбаев нұротандықтарды Мәжіліс сайлауына дайындықты белсенді жүргізуге шақырды

Назарбаев нұротандықтарды Мәжіліс сайлауына дайындықты белсенді жүргізуге шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев партия өкілдерін Мәжіліс сайлауына дайындықты белсенді жүргізуге шақырды. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Отырыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы өкілдеріне Конституцияда көрсетілген мерзімде өтетін Мәжіліс сайлауына дайындық жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырды»,-деп жазды Айдос Үкібай.