Мемлекет басшысы Валерий Михайловты «Барыс» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Валерий Михайловты «Барыс» орденімен марапаттады
Baq.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ult.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловқа құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, журналист, Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. 

– Табиғи талантыңыз бен еңбекқорлығыңыздың арқасында шығармашылық жолыңызда ерен табысқа қол жеткіздіңіз. Ұзақ жылдар бойы еліміздің беделді басылымдарында жемісті еңбек етіп, «Казахстанская правда» газеті мен «Простор» журналын басқардыңыз. Адамгершілігі мол әрі өмірлік ұстанымдарынан айнымаған тұлға ретінде қаламгерлер арасында және қоғамда үлкен құрметке бөлендіңіз, – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Валерий Михайловтың бірнеше буын оқырман қызыға оқитын шығармалары төл әдеби қазынамыздың бір бөлшегі ретінде лайықты бағаға ие болғанына назар аударды.

Айта кетейік, Валерий Михайловтың жарық көрген жиырмадан астам өлеңдер мен прозалық шығармалар жинағы – отандық әдебиетке қосылған елеулі үлес.

Оның мектеп хрестоматияларына енгізілген «Ұлы жұт шежіресі» атты деректі-публицистикалық повесі 9 рет қайта басылып шыққан!

Қазақ, неміс және ағылшын тілдеріне аударылған бұл кітап шетелдік оқырмандар арасында да үлкен сұранысқа ие.