Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдап, Үкіметтің алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерін айқындады, деп хабарлайды ult.kz.

Кездесу барысында Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың әл-ауқатын кезең-кезеңімен жақсартуға баса мән берді.

Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік органды ортақ іске жұмылдырып, орындаушылық тәртіпті күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар Үкімет жұмысының басты өлшемі нақты нәтижелер болуы керектігін атап өтті.