Матч кезінде футболшыға найзағай түсіп, мерт қылды, деп хабарлайды ult.kz.
Қайғылы оқиға "Rembau Indian Veteran" және "Tanjung Minyak" командалары арасындағы жолдастық матч кезінде болған. Ойын басталғаннан кейін 10 минут өткенде аздап жаңбыр жауып, артынша қатты күн күркіреген. Сол сәтте алаңда үш адам құлады, олардың арасында Р. Танеш те болған.
Зардап шеккен футболшыны Алор-Гаджа ауруханасына қарапайым көлікпен жеткізген. Дәрігерлер спортшыны аман алып қалу үшін барын салған, алайда ол жедел жәрдем бөлімінде қайтыс болды.
Матч төрешісі жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Тағы бір зардап шеккен адам медициналық көмектен бас тартты. Себебі жағдайы қанағаттанарлық күйде болған.