Мас күйде әрі нөмірсіз: Семейде мотоцикл жүргізушісі ұсталды

Мас күйде әрі нөмірсіз: Семейде мотоцикл жүргізушісі ұсталды
Polisia.kz

Абай облысында полиция қызметкерлері Семей қаласында мас күйде мотоцикл басқарған 40 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, оқиға сағат 21:30 шамасында болған. Полиция мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ RECER мотоциклін тоқтатқан.

Тексеру барысында мотоцикл жүргізушісінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Осылайша, азамат бірден бірнеше жол қозғалысы талабын бұзған: көлікті мемлекеттік нөмірсіз басқарған және мас күйде рөлге отырған.

Полицейлер жүргізушіні көлік басқарудан шеттетіп, оған қатысты қажетті процессуалдық шараларды қабылдады.

Құқық қорғау органдары мас күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретінін ескертеді.