Ресейдің Қорған қаласында мас ер адам бір жасар қызына күш көрсетіп, ауыр жарақат салған. Қайғылы оқиға 3 тамыз күні кешкі уақытта болған, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мас күйінде кішкентай қызына тап беріп, оны ұрған. Баланың анасы күйеуін тоқтатып, жедел жәрдем шақырған.
Қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, сәби алған жарақаттары салдарынан көз жұмған.
Оқиғадан кейін баланың әкесі ұсталды. Сот оның қамауға алынуына санкция берген. Қазір қайғылы жағдайға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.