Марқұм досының аманатын орындаған азамат көпшілікті тәнті етті

Марқұм досының аманатын орындаған азамат көпшілікті тәнті етті
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде достыққа адалдығын ісімен көрсеткен азаматтың әрекеті көпшіліктің көңілін толқытты, деп хабарлайды ult.kz.

Видеода ер адамның өмірден өткен досының жарына тосынсый жасап, марқұмның көзі тірісінде уәде еткен мәһрін алып бергені көрінеді.

Ол осылайша досының аманатын орындаған. Желі қолданушылары азаматтың бұл әрекетін жоғары бағалап, оның адамгершілігі мен достыққа деген адалдығына тәнті болған.

«Нағыз дос осындай болады», «Аманатқа адал екен», – деп жазды пікір қалдырушылар.