Макрон Франциядағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды қатаң жазалауға уәде берді

Макрон Франциядағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды қатаң жазалауға уәде берді
Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images

Франция президенті Эмманюэль Макрон елдің бірнеше қаласында болған жаппай тәртіпсіздік, тонау және өрт қою оқиғаларына байланысты халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды ult.kz.

Ол құқық бұзушылардың жауапқа тартылатынын айтып, азаматтарды сабырға шақырды.

Макронның айтуынша, тәртіпсіздікке қатысқан, дүкендерді тонап, қоғамдық нысандарды қиратқан адамдар заң алдында жауап береді. Сондай-ақ ол үкіметтен оқиғалардың себептерін жан-жақты тексеріп, мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеуді талап етті.

Франция Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елдегі наразылық шаралары кезінде 2 300-ден астам адам ұсталған. Кейбір қалаларда шерулер жаппай тәртіпсіздікке ұласып, полиция шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.

Сонымен қатар Франция оппозициясы биліктің әрекетін сынға алып, елдегі жағдайды бақылауға ала алмағаны үшін үкімет пен президентті жауапкершілікке шақырды.