Instagram желісінде әзілкеш Дархан Пірназаров актер Мағауия Қозбағаровпен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Кадрдан өнер иесінің дастархан басында отырғанын көруге болады. Жазба авторы актерге ақ тілегін білдіріп, «Алла шипасын берсін, Ақ Мәкең 100 жасқа» деп жазған.
Суретке назар аударған желі қолданушылары Мағауия Қозбағаровтың денсаулығына алаңдап, оған тезірек сауығып кетуін тілеген.
«Мағауия ағай ма? Мәссаған, ағай ауырып қалған ба? Алла шипасын берсін, тез сауығып кетсін», – деп пікір қалдырған оқырмандардың бірі.
Тағы бір қолданушы өнер иесін халықтың ықыласына бөленген азамат ретінде атап, оған шипа тіледі.