«Мадина қайтыс болған күні Мадияр туған күнде болған»: Көршісі мәлімдеме жасады

«Мадина қайтыс болған күні Мадияр туған күнде болған»: Көршісі мәлімдеме жасады
Коллаж: ult.kz

Меркіде 19 жастағы Мадинаның өліміне қатысты жаңа мәлімет жарияланды. Марқұм қыз қайтыс болған күні Мадиярдың танысының үйіне туған күнге барғаны туралы оның көршісі айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Көршісінің сөзінше, Мадияр сол күні елді мекеннің шетінде тұратын танысының үйіне барған. Оның айтуынша, жігіт танысын туған күнімен құттықтау үшін сол үйге барған.

«Дәл сол күні Мадияр шет жақта тұратын, служагы бар танысының үйінде болған. Туған күнімен құттықтау үшін барған. Қайтыс болған күні үйде болған. Білесіздер ғой, жастар бір-бірін түнде құттықтап барады», – деді көршісі.

Еске салайық, 19 жастағы Мадинаның қазасы қоғамда үлкен резонанс тудырған. Бұған дейін марқұмның жақындары мен оқиғаға қатысты пікір білдірген азаматтар отбасы ішіндегі жағдайға байланысты түрлі мәлімет айтқан болатын.