Air Astana компаниясының Алматыдан Лондонға бағыт алған ұшағы Германияның Франкфурт қаласына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ult.kz.
Себебі Лондондағы Хитроу әуежайы техникалық ақауға байланысты жабылған.
Ұшақ бортында 138 жолаушы болған. Шенген визасы жоқ 67 адам транзиттік аймақта қалды. Ал қалған жолаушыларды Франкфурттегі қонақүйлерге орналастыру жұмыстары жүріп жатыр.
Хитроу әуежайының жұмысы қалпына келгеннен кейін ұшақ қайта Лондонға аттанады. Елдің ірі әуежайларының жұмысына әсер еткен ақау ұшу мәліметтерін өңдеу жүйесінен табылған. Осыған байланысты Хитроуда 100 ұшақ рейсі тоқтатылып, 367-сі кешіктірілді.