«Күйеу баласын көріп жылап отыр»: Кенжебек Жанәбілов отадан кейін үйіне шықты

«Күйеу баласын көріп жылап отыр»: Кенжебек Жанәбілов отадан кейін үйіне шықты
Коллаж: ult.kz

Танымал әнші Кенжебек Жанәбілов жүрегіне жасалған сәтті отадан кейін ауруханадан шығып, үйіне оралды, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесінің үйге келгенін көрген қайын атасы көз жасына ерік берген. Әншінің жары бұл әсерлі сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Күйеу баласын көріп жылап отыр. Нағыз шын жанашыр, шын тілекші осы кісі ғой», – деп жазды ол.

Бұған дейін Кенжебек Жанәбіловтің жүрегі сыр беріп, ауруханаға түскені белгілі болған еді. Кейін өнер иесіне жүрегіне ота жасалған. Әнші ауруханада жатқан кезінде дәрігерлерге алғысын білдіріп, отаға қатысқан мамандардың кәсібилігін атап өткен.

Қазір әнші үйінде оңалу кезеңінен өтіп жатыр.