«Көп мөлшерде қымыз ішкем»: Мас күйде көлік жүргізген тұрғын бір жылға бас бостандығынан айырылды

«Көп мөлшерде қымыз ішкем»: Мас күйде көлік жүргізген тұрғын бір жылға бас бостандығынан айырылды
24.kz

Ақмола облысының тұрғыны көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан мас күйінде рөлге отырған. Сот оны бір жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ult.kz. 

Сотта ер адам көлік жүргізер алдында көп мөлшерде қымыз ішкенін айтқан.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін растайтын барлық дәлелдерді ұсынды. Сот оның кінәсін мойындағанын және жас балалары бар екенін ескерді.

Нәтижесінде оған 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз: Данияр Елеусінов қамалып, көлік жүргізу құқығынан айырылды.