Қазнетте референдумдағы полицейдің видеосы талқыланып жатыр

Қазнетте референдумдағы полицейдің видеосы талқыланып жатыр


Қазнетте референдумға келген полиция қызметкерінің видеосы талқыланып жатыр. Полицейдің қызметтік құжатында майор екені жазылған, алайда ол капитан пагонын тағып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

5 маусымдағы референдум кезінде Бөрлі ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде қызық оқиға болған. Оқиға видеосы Beknur Srazhanov You Tube-арнасында жарияланды.

Қызметтік міндетін атқару кезінде полиция қызметкерінен құжаттары сұралған. Бірақ куәлік пен погондағы шен сәйкес келмеген. Құжаттар бойынша тәртіп сақшысы - майор, ал погонына қарағанда капитан. 

БҚО ПД баспасөз қызметі мәліметінше, оған 30 мамырда полиция майоры шені берілген, ал қызметтік куәлік БҚО Полиция департаментінде жасалып, 5 маусымда таңертең сайлау учаскесінде табысталған екен.

Полицей 4 маусымда сағат 23:00-де қызметке кіріскендіктен погонын ауыстыруға мүмкіндігі болмаған.