"Қазақмыс" компаниясында магистральді конвейерді іске қосу кезінде жұмысшы қаза тапты

"Қазақмыс" компаниясында магистральді конвейерді іске қосу кезінде жұмысшы қаза тапты

"Қазақмыс" компаниясында магистральді конвейерді іске қосу кезінде 1980 жылғы конвейер машинисі алған жарақаттан қаза болды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақмыс" компаниясы 2016 жылғы 30-шы қазанда "Қарағандытүстімет" ӨБ "Нұрқазған" кенішінде болған қайғылы оқиғаны хабарлайды."Қазақмыс" компаниясы және еңбек ұжымы отбасына және туысқандарының қайғы қасіреттеріне ортақ екенін білдіреді", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда болған оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды.