Кәмелетке толмаған қыздың жеке бейнематериалдарын таратқан күдікті ұсталды

Кәмелетке толмаған қыздың жеке бейнематериалдарын таратқан күдікті ұсталды
24.kz

Жетісу облысында кәмелетке толмаған қыздың жеке сипаттағы фотосуреттері мен бейнематериалдарын заңсыз таратты деген күдікпен 22 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, күдікті қызбен алғашында TikTok әлеуметтік желісі арқылы танысып, кейін хат алмасуды мессенджерлердің бірі арқылы жалғастырған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ол қыздың сеніміне кіріп, психологиялық қысым көрсеткен, сондай-ақ 20 мың теңге көлемінде сыйақы беремін деп уәде етіп, жеке сипаттағы фотосуреттері мен бейнематериалдарын алған.

Кейін күдікті бұл материалдарды мессенджерлердің біріндегі жабық арналарда заңсыз таратып, одан материалдық пайда көрген деген күдікке ілінді.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.