Футбол ойыны қайғылы аяқталды: Атбасарда 58 жастағы спортшы көз жұмды

Футбол ойыны қайғылы аяқталды: Атбасарда 58 жастағы спортшы көз жұмды
ашық дереккөзден

Ақмола облысының Атбасар қаласында өңірлік жарыс кезінде 58 жастағы футболшы көз жұмды. Астанадан келген спортшы ойын барысында өзін жайсыз сезініп, дәрігерлердің шұғыл көмегіне қарамастан қайтыс болды, деп хабарлайды ult.kz.

Ақмола облысының полиция департаменті мәлімдегендей, 1968 жылы туған ер адамның өлімі Атбасар аудандық полиция бөлімінде тіркелген.

«Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрекке қатысты мәселелер себеп болған», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданады.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, бұл жарысты Атбасар қаласының жергілікті әкімдігі ұйымдастырған. Іс-шараны ұйымдастыруға спорт басқармасы немесе оған қарасты ұйымдар қатыспаған. Сондай-ақ жарыс спорт басқармасымен келісілмеген.

Ойын барысында елордадан келген 58 жастағы футболшының жағдайы күрт нашарлаған. Дәрігерлер оған дереу шұғыл медициналық көмек көрсеткенімен, спортшыны аман алып қалу мүмкін болмаған.