Алматыда EXPO ісі бойынша сотталған Талғат Ермегияевтің отбасына қатысы бар жылжымайтын мүлік аукционға шығарылды. Нысанның бастапқы бағасы — 1,7 миллиард теңге, деп хабарлайды ult.kz.
Электрондық сауда порталына Алматы қаласы, Марков көшесі, 13 мекенжайында орналасқан ауданы 781,2 шаршы метр ғимарат пен 8,92 сотық жер учаскесі қойылған. Бұған дейін бұл мүлік «Алматықұрылыс» ҰХК» АҚ иелігінде болған.
Нысанды Проблемалық кредиттер қоры сатылымға шығарды. Аукцион 20 қазанда сағат 11:00-де бағаны төмендету әдісімен өтеді. Саудаға бір ғана қатысушы қатысса да, мүлікті сатып алуға рұқсат етіледі.