Әлеуметтік желіде досына деген адалдығын ісімен дәлелдеген азаматтың әрекеті көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды ult.kz.
Желіде тараған видеода ер адамның өмірден өткен досының жарына тосынсый жасап, марқұмның көзі тірісінде уәде еткен мәһрін алып бергені көрінеді.
Осылайша ол досының соңғы аманатын орындап, берген уәдесіне адалдық танытқан. Ер адамның бұл әрекеті желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді.
Көпшілік оның адамгершілігіне сүйсініп, шынайы достықтың осындай болатынын атап өтті.
«Нағыз дос деген осындай болады», «Аманатқа адал азамат екен», – деп жазды оқырмандар.