Ер адам көшеде әйелін ұрып-соққан: оқиға видеоға түсіп қалды

Ер адам көшеде әйелін ұрып-соққан: оқиға видеоға түсіп қалды
Коллаж: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде ер адамның әйеліне көшеде күш көрсеткен сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды ult.kz.

Куәгердің айтуынша, ер адам әйелінің артынан жүгіріп барып, оның басы мен бет тұсынан бірнеше рет соққы жасаған. Оқиғаны көрген тұрғын әйелге араша түсіп, болған жағдайды телефон камерасына түсіре бастаған.

Куәгердің сөзінше, ер адам видеоға түсіріп тұрған азаматты да қорқытуға тырысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал ер адамның әйелін үйден таппай қалуынан кейін басталған. Куәгер бұл жағдайға бұған дейін де бірнеше рет куә болғанын айтып, оқиғаны «өте қорқынышты» деп сипаттады.