Енді журналистер депутаттарға кулуарда сұрақ қоя алмайды. Бұл туралы Құрылтай аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
"Журналистер енді депутаттарға сұрақты тек баспасөз орталығында қояды. Бұл өзгеріс қолданыстағы аккредиттеу қағидаттарына сәйкес енгізілді", - деді Кальянбеков 31 тамызда.
Айта кетейік, бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Құрылтай отырысы өтіп, онда Вице-президент пен Үкімет басшысы тағайындалды. Вице-президент болып - Ерлан Қарин, ал премьер-министр болып Олжас Бектенов қайта тағайындалды.