Әлеуметтік желілерде емші мен белгісіз әйелдің өзара жанжалы түсірілген бейнежазба жарияланып, қолданушылар арасында талқылау тудырды, деп хабарлайды ult.kz.
Видео кадрларынан олардың үйден далаға шыққанға дейін сөзге келісіп қалғанын көруге болады.
Бейнежазбада емші әйелге «жақында балаң өледі» деген сөздер айтса, ал әйел оны «алаяқ» деп айыптап, берген қаражатын қайтарып алуды талап еткен.
Қазіргі уақытта бұл оқиғаның нақты қай жерде және қашан болғаны белгісіз. Желі қолданушылары емшілердің тарапынан орын алатын мұндай әрекеттерге қатысты түрлі пікірлер білдіруде.