Продюсер Баян Алагөзова ұйымдастырған «Алтын ханым» байқауының жеңімпазы, мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ult.kz kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзі хабарлады. Ақмоншақ Нұртазаның айтуынша, оның көлігі өзге көлікпен соқтығысқан. Салдарынан ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Директор жол апатынан аман қалғанына шүкіршілік етіп, желідегі оқырмандарына жағдайын жеткізді.
"Қайта туған күн. Аман болайық. Бір алла сақтады. Маған түкіріп қоясыздар-ау", – деп жазды Ақмоншақ Нұртаза.
Желі қолданушылары оған тезірек сауығып кетуін тілеп, жылы лебіздерін жазып жатыр.