«Егер бүкіл әлем орыс тілінде сөйлегенін қаласаң, Калашников автоматының құрылымын зертте»: Украинадағы соғысқа қатысқан ресейліктің балаларға айтқан сөзі желіде наразылық туғызды

«Егер бүкіл әлем орыс тілінде сөйлегенін қаласаң, Калашников автоматының құрылымын зертте»: Украинадағы соғысқа қатысқан ресейліктің балаларға айтқан сөзі желіде наразылық туғызды
видеодан скриншот

Красноярскіде №11 лицейде өткен алғашқы қоңырау шарасында Украинадағы соғысқа қатысқан ресейліктің оқушылар алдында сөйлеген сөзі желіде шу болды, деп хабарлайды ult.kz.

«Дождь» арнасының мәліметінше, ер адамның аты-жөні – Александр Клаус. Ол балаларға арналған түрлі іс-шараларға тұрақты түрде «СВО ардагері» ретінде қатысып жүрген.

Клаустың айтуынша, ол 2023 жылдың тамызынан бастап Авдеевка мен Водяное елді мекендері маңындағы соғыс қимылдарына қатысқан. Кейін қолынан жараланып, Красноярскіге оралған.

Өткен жылдың күзінде Клаус Красноярскінің Орталық ауданындағы оқушыларға арналған форумда сөз сөйлеп, жастарды мерзімді әскери қызметтен кейін майданға аттанып, «қаһармандық ерлік» жасауға шақырған.

Ал №11 лицейдегі салтанатты шара барысында ол кеңестік және ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің сөзін мысалға келтірген.

Жергілікті «Проспект мира» басылымы таратқан видеороликте ол:

«Бір саясаткер айтқандай, егер бүкіл әлем орыс тілінде сөйлегенін қаласаң, Калашников автоматының құрылымын зертте. Тағы да баршаңызды мерекелеріңізбен! Барлығыңызға джамбо!» – деді Клаус оқушылар алдында.