Діни топтар Лондондағы Әзербайжан елшілігіне басып кірді

Діни топтар Лондондағы Әзербайжан елшілігіне басып кірді


Лондондағы Әзірбайжан елшілігін діни белсенділер басып алды. Бұл ақпаратты Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2022 жылдың 4 тамызында Әзербайжан Республикасының Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы елшілігіне радикалды топтар шабуыл жасады. Елшіліктің ғимаратына шығып алған радикалдар діни туларын көтеріп шығып, діни ұрандармен айғайлаған», - деп хабарлайды Әзербайжан СІМ.

Іске жергілікті полиция араласқаннан кейін заңбұзушылар ұсталды. Елшілік қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Әзербайжан елшілігіне шабуылды шейіт экстремистік ұйымы саналатын «Мағди қызметшілер одағы» мойнына алған.