«Бауырың іздеп келмегені жаман»: 89 жастағы әженің сөздері елді жылатты

«Бауырың іздеп келмегені жаман»: 89 жастағы әженің сөздері елді жылатты
Коллаж: ult.kz

22 жасында бауырларымен екі бетте қалып қойған әженің сөзі елді жылатты, деп хабарлайды ult.kz.

Ол жуырда ғана Қытайдан Қазақстанға келіп, бауырларымен көріскен еді. 

«32 шөберем бар. 10 немерем бар. Тек туыстан жалғызбын. Бір іздеп келетін туысым болмады. Бауырдың орны бөлек қой», - деді әже. 

Бұл әсерлі сәт туралы қарияның немересі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, әжесі туған жеріне аяқ басып, туыстарымен жолығып, енді қайта өз еліне аттанған. Әже Қазақстанға қайта оралатынына уәде беріп, көз жасына ерік берді. 

Белгілі болғандай, кейуана туған бауырларын шамамен 20 жылдан бері көрмеген. Жылдар бойы жүрегінде сақтаған сағынышы мен қауышуға деген үміті енді орындалған. Желі қолданушылары бұл оқиғаға бейжай қарамай, қарияға ақ тілектерін жаудырып, туғандарымен аман-есен қауышуын тілеуде.