Бақытжан Базарбек көлігімен қағып кеткен азамат Тараздағы ауруханаға жеткізілді

Бақытжан Базарбек көлігімен қағып кеткен азамат Тараздағы ауруханаға жеткізілді
Фото: әлеуметтік желі

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатынан зардап шеккен Нұржігіт Тараз қаласындағы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ult.kz.

Бұған дейін ол ауылдық ауруханада ем қабылдаған. Кейін жағдайына байланысты Тараздағы медициналық мекемеге ауыстырылған.

Бақытжан Базарбектің мәліметінше, науқасты тасымалдау сәтті өткен. Нұржігітпен бірге оның анасы да барған. Жол бойында зардап шеккен азаматтың денсаулық жағдайы нашарламаған.

Енді Нұржігіт Таразда травматологтардың бақылауында ем қабылдайды.