Bank of America вице-президенті Эрин Пиачентиді Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында пышақтап кетті

Bank of America вице-президенті Эрин Пиачентиді Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында пышақтап кетті
nypost.com

Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңына жақын жерде болған пышақты шабуыл салдарынан Bank of America вице-президенті Эрин Пиаченти қаза тапты, деп хабарлайды, деп хабарлайды ult.kz.

Bloomberg Нью-Йорк полициясына сілтеме жасап хабарлағандай, шабуылдан тағы бір адам зардап шеккен. Ал күдікті әйел полиция оғынан жараланып, кейін ауруханада көз жұмды.

LinkedIn мәліметіне сәйкес, Эрин Пиаченти банкте мүдделер қақтығысын реттеу мәселелеріне жауап берген.

Нью-Йорк полиция департаментінің мәліметінше, Пиаченти алған пышақ жарақатынан ауруханада қайтыс болған.

Полиция комиссары Джессика Тиштің айтуынша, 49 жастағы Памела Сиснерос екі пышақ ұстап алып, Батыс 41-ші көше мен Жетінші авеню қиылысында әйелімен бірге жолдан өткелі тұрған Род-Айлендтен келген 68 жастағы туристке жақындаған. Ол ер адамның іш тұсына пышақ сұққан.

Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты.

Одан кейін Сиснерос Жетінші авенюмен солтүстікке қарай жүріп, шамамен 20 секундтан кейін 42-ші көше маңында Эрин Пиачентидің де іш тұсына пышақ сұққан.

Полиция қызметкерлері шабуыл жасаған әйелдің жолын 42 және 43-ші көшелердің арасынан бөгеп, шамамен төрт минут бойы қаруын тастауға көндіруге тырысқан.

Комиссардың айтуынша, әйел полицейлерге қаруын тастамайтынын және оларды өлтіретінін айтқан. Сиснерос полицейлерге қарай беттеген кезде қызметкерлер оған электрошокер қолданған. Алайда бұл оны тоқтата алмаған.

Содан кейін екі полиция қызметкері қару қолданып, шабуыл жасаған әйелді жаралаған. Сиснерос ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.

Нью-Йорк полициясының мұрағатында Сиснеросқа қатысты психикалық ауытқушылыққа байланысты 2018 және 2019 жылдары тіркелген екі жағдай бар.

Полиция комиссарының айтуынша, тергеушілер бұл шабуылды теракт деп санауға негіз таппаған.