Танымал емші Бағдагүл келіні өзіне қарсы сотқа шағым түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Емші жазбасында келініне қатысты ренішін білдіріп, сот процесіне туыстары мен жақындарын ертіп баруға ниетті екенін жеткізген.
«Ақ келін деген пайдам. Сотқа беріпті! Бүкіл көрші, ағайын-туысымды, достарымды ертіп барамын бұйырса. Сол келінге қандай қиянат жасадым екен?» – деп жазды Бағдагүл.
Жазбаға пікір білдірген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Кейбірі емшіге қолдау білдірсе, енді бірі келінінің сотқа жүгінуіне нақты қандай себеп болғанын сұрады.
«Жайдан-жай бермеген шығар», «Не үшін сотқа берді?», «Құтылғаныңа қуан» деген пікірлер жазылды.