Астанада 19 жастағы жігіт есірткінің ірі партиясымен ұсталды

Астанада 19 жастағы жігіт есірткінің ірі партиясымен ұсталды
ашық дереккөз

Астанада полиция 19 жастағы жігітті есірткі заттарын сақтап, таратты деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті мінген JAC автокөлігі тоқтатылған. Полицейлер көлікті тінту кезінде жүксалғыштан құрамында мефедрон бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған түйіншек тапқан.

Кейін күдіктінің уақытша тұрып жатқан жалдамалы пәтері тінтілді. Ол жерден осыған ұқсас зат салынған тағы 20 ірі түйіншек анықталды.

Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 1 келіні құрады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның мән-жайы мен іске қатысы болуы мүмкін өзге тұлғалар анықталып жатыр.