Әскерден оралған немересін көрген әженің қуанышы көпшілікті тебірентті, деп хабарлайды ult.kz.
Әлеуметтік желіде әскери борышын өтеп, елге аман-есен оралған сарбазды қарсы алу сәті қызу талқылануда.
Бейнежазбада немересін сағына күткен әже оны көре сала құшағына басып, көз жасына ерік береді. Жүрекке жылы әсер қалдырған кадрларда әженің сағынышы мен қуанышы анық байқалады.
Желі қолданушылары да әсерін жасыра алмай, «Әженің махаббатына тең келер ештеңе жоқ», «Көзге жас келді», «Аман оралғанына шүкір» деген пікірлерін жазған.