АҚШ Монета сарайы ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай президент Дональд Трамптың портреті бейнеленген номиналы 1 доллар болатын жаңа монетаны айналымға шығарды, деп хабарлайды ult.kz.
Монеталарды Филадельфиядағы Монета сарайы соққан. Алдыңғы бетінде — Дональд Трамптың портреті, ал сыртқы бетінде АҚШ президентінің мөрі бейнеленген. Онда тұмсығында зәйтүн бұтағы, тырнағында жебелер шоғы бар қыран және кеудесіндегі қалқанда «250» саны көрсетілген.
Монеталар алтын түстес. Оларды жеке емес, арнайы топтамамен сатып алуға болады: 25 монета — 61 доллар, 100 монета — 154,5 доллар.
Бұл монетаның шығуы АҚШ заңнамасына қатысты қызықты пікірталас туғызды. Бұған дейін заң бойынша қазіргі президенттің немесе бұрынғы президенттердің бейнесін монетаға орналастыруға тыйым салынған еді.
Алайда 2020 жылы коллекциялық монеталардың дизайнына қатысты заңға өзгеріс енгізіліп, бұл шектеу монетаның сыртқы бетіне (реверсіне) қойылатын бейнелерге ғана қатысты болып қалды.
Осылайша, Трамптың портретін монетаның алдыңғы бетіне орналастыруға заң жүзінде мүмкіндік пайда болған.