Алматыдағы «Жас Отау» неке сарайының жөндеу жұмыстары тоқтатылды

Алматыдағы «Жас Отау» неке сарайының жөндеу жұмыстары тоқтатылды
forbes.kz

Алматыдағы танымал «Жас Отау» неке сарайын қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылды. Тарихи нысан қайтадан қала әкімдігінің қарамағына өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұған дейін неке сарайы Jar Jar Almaty ЖШС-нің сенімгерлік басқаруына берілген.

Алайда компания сенімгерлік басқару шарты бойынша алған міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындамаған. Осыған байланысты басқарма келісімшартты бұзған.

«Қазіргі уақытта нысандағы жөндеу жұмыстары тоқтатылды», – деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Еске салайық, «Жас Отау» неке сарайы жеке компанияның сенімгерлік басқаруына 10 жыл мерзімге, сатып алу құқығынсыз берілген болатын.

Айта кетейік, ғимарат Алматы қаласының сәулет ескерткіштерінің қатарына жатады.