Алматыда психикалық орталықтан екі адам қашып кеткен

Алматыда психикалық орталықтан екі адам қашып кеткен
Фото: әлеуметтік желі

Алматыда психикалық денсаулық орталығынан екі адам қашып, оларды полиция мен еріктілер іздеп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Нелли Шахрай, 1989 жылғы 24 маусымда туған, 16 сәуірде Бостандық ауданындағы Кекилбайұлы көшесі, 117А мекенжайында орналасқан психикалық денсаулық орталығынан шығып кеткен.

Белгілері: бойы – 167 сантиметр, дене бітімі орташа, көзі қоңыр, шашы қою қоңыр, арасында ақ шашы бар, ұзын. Бетінде бөртпелері бар.

Ол жоғалған кезде қою көк түсті велюр кофта, күлгін шалбар және көк түсті резеңке аяқ киім киген. Әйелдің қазіргі уақытта бағдарынан адасып жүруі мүмкін екені хабарланды.

Ал Денис Антипин, 1991 жылғы 7 қыркүйекте туған, 13 мамыр күні таңертең сол психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен.

Қазіргі таңда полиция мен еріктілер екі адамды іздестіріп жатыр. Олардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден полицияға немесе еріктілерге хабарласу сұралады.