Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалалық кеңістікті дизайн-код талаптарына сәйкестендіру мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ult.kz.
Жиында ретсіз орнатылған жарнамалық құрылымдар, маңдайшалар мен кіреберістердің бірыңғай талапқа сай безендірілмеуі қаланың сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп, шаһардың эстетикалық келбетін бұзып отырғаны айтылды.
Белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды күшейту үшін дизайн-кодтың кейбір нормаларын заман талабына сай бейімдеу мен және заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау тапсырылды.
Бұл ретте, қалалық кеңістікті ретке келтіру жұмыстары қазірден басталды. Бірінші кезекте өзгерістер кешенді көркейту жүргізіліп жатқан көшелерде қолға алынып, кейін кезең-кезеңімен қаланың өзге аудандарын қамтиды.
Тиісті басқармалар мен аудан әкімдіктері осы бағыттағы жұмысты күшейтуге тиіс.