Алматының Бостандық ауданында 16 қабатты тұрғын үйдің паркингінде өрт шығып, 100-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ult.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай даңғылы бойындағы тұрғын үй кешенінің паркингінде күштік кабель тұтанған. Өрттің жалпы аумағы 5 шаршы метрді құрады.
Оқиға туралы хабарлама түскеннен кейін бес минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен. Құтқарушылар баспалдақ арқылы 100-ге жуық тұрғынды, оның ішінде 19 баланы қауіпсіз жерге шығарды.
Өрт қысқа уақытта толық сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.