Алматы қаласындағы «Алмалы ауданының бастапқы медико-санитарлық көмек орталығында »Сүт безі обыры туралы хабардар болудың дүниежүзілік күніне орай түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылд, деп хабарлайды ult.kz.
2026 жылғы 15 қазанда өткен Ашық есік күніне жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар және бейінді мамандар қатысты. Медициналық қызметкерлер әйелдерге сүт безі обырының алдын алу, маммографиядан уақтылы өту, профилактикалық тексерулердің маңызы және сүт бездерін өздігінен тексеру тәртібі туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер келушілермен салауатты өмір салтын ұстану, сүт безі ауруларының алдын алу және нысаналы топтардың скринингтік тексерулерден уақытылы өтуі жөнінде әңгімелесті. Ашық есік күні аясында 33 пациент қамтылды.
16 қазанда медицина қызметкерлеріне арналған «Сүт безі обырының алдын алу» тақырыбында онколог дәрігердің қатысуымен семинар өткізілді. Іс-шараға 27 қызметкер қатысты.
Сондай-ақ дүниежүзілік күн аясында пациенттер арасында әйел денсаулығына жауапкершілікпен қарау және профилактикалық тексерулерден уақтылы өтудің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралармен тағы 32 пациент қамтылды.
Мамандар әйелдерді денсаулығына мұқият болуға, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге және сүт бездерінде қандай да бір өзгерістер байқалған жағдайда дәрігерге жүгінуге шақырады.