Әке атанған Әбілмансұр Серіков перзентін неге жасырды?

Әке атанған Әбілмансұр Серіков перзентін неге жасырды?

Қазақстандық актер Әбілмансұр Серіковтың жары Гүлия Ұзақбаева босанды, деп хабарлайды ult.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында перзентханадағы суреттерін жүктеді. Алайда желідегілер бұл жағдайдың қазір емес, бірнеше ай бұрын болғанын жарыса жазып жатыр. Көбі ерлі-зайыптыны бұған дейін де перзентімен бірге көрген. 

«Бұрын босанғаны рас екен. Каржакпен жүр», «Халық біліп айтады екен-ау», «Кеше гендер-пати өтіп еді, бүгін босанып алғаны несі», «Не болып кетті» деп жарыса жазды желідегілер. 

Айта кетейік жас жұбайлар 2 мамыр күні баланың жынысын анықтаған болатын.