Абай облысында 20 жастағы қыздың мәйіті табылды: күдікті ұсталды

Абай облысында 20 жастағы қыздың мәйіті табылды: күдікті ұсталды
24.kz

Абай облысының Бородулиха ауылында 20 жастағы қыздың мәйіті табылып, адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға 13 шілде күні таңғы сағат 06:00 шамасында болған. Марқұмның денесін ауыл тұрғыны өз үйінің маңынан байқаған.

Абай облысының полиция департаменті мәліметінше, қыздың денесінен пышақ жарақаты анықталған. Аталған дерек бойынша «кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер күдіктіні анықтап, ұстаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, күдікті мен марқұм бір-бірін таныған. Олардың арасында жанжал болғаны анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.